Almaty Superski жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті деп танылды. Жоба - жүзеге асады!
2026 жылғы 26 мамырда Алматы қаласының оқушылар сарайында Көк-Жайлау шатқалында «Almaty Superski» тау курортын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес және қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есеп (ҚОӘБ) талқылау рәсімі шеңберінде өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, бейінді министрліктердің, ғылыми қоғамдастықтың, салалық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, сараптамалық қоғамдастықтың өкілдері, бизнес өкілдері, қала тұрғындары, сондай-ақ онлайн-қатысушылар қатысты.
Іс-шараны аша отырып, қоғамдық тыңдаудың төрағасы – Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде ашықтық және қоғамдық диалог қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Тыңдаулар аясында жоба бастамашысы болып саналатын «Kazakh Tourism Development Ltd.» жеке компаниясының «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылыми институттар, экологиялық ұйымдар және спорт қоғамдастық өкілдері баяндама жасады.

Kazakh Tourism Development Ltd Бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев жиналған қауым алдында Almaty Superski жобасының негізгі параметрлерін, оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын, сондай-ақ Алматыда халықаралық деңгейдегі заманауи тау инфрақұрылымын дамыту жоспарын атап берді.
Қоғамдық тыңдау барысында жобаның туристік әлеуеті, оның шағын және орта бизнесті дамытуға әсері, жаңа жұмыс орындарын құру, бұқаралық спортты дамыту және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында баяндамалар ұсынылды.
Экология және табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жобаның қоршаған ортаға ықтимал әсерлер туралы есебін әзірлеушісі – экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, көзделген табиғатты қорғау іс-шараларын, сондай-ақ экологиялық мониторинг пен қоғамдық бақылау тетіктерін ұсынды.
Негізгі бөлімнен кейін сұрақ-жауап сессиясы өтті, оның барысында қоғамдық тыңдауларға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мемлекеттік органдар өкілдерінен, сарапшылар мен жобаны әзірлеушілерден толық жауаптар алды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар заңнамада көзделген барлық міндеттерді сақтай отырып, ашық өткізілгені атап өтілді.
Қоғамдық тыңдаудың хаттамасы, аудио және бейнежазбаларды қоса алғанда, барлық материалдар белгіленген тәртіппен Экопорталда және әкімдіктің ресми интернет-ресурстарда орналастырылатын болады.
Жарияланған мақала
26 мамыр 2026
