Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Үкіметте Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңарту қажет

Үкіметте Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңарту қажет

Президент Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов туристік объектілерде инфрақұрылымды дамыту жергілікті атқарушы органдардың тікелей жауапкершілігі екенін атап өтті.

Премьер-министр тез арада Алматы тау кластерін дамыту жоспарын жаңартуды тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі Туризм және спорт министрлігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, бір апта мерзімде Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобаларын аса маңызды объектілер және жалпыұлттық маңызы бар жобалар деп тануы қажет.

Осыдан кейін Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілсін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Туризм және спорт министрлігіне өңірлермен бірлесіп, осы жылдың 1 қазанына дейін Футбол клубтарын жекешелендірудің жоспар-кестесін әзірлеу тапсырылды.

Жарияланған мақала

9 қыркүйек 2025

Көбірек мақалалар

Kazakh Tourism Development

Тұрақты туризмді дамыту және Қазақстанның табиғатының көркемдігін әлемге таныту.

Байланыс

Астана, Қазақстан

info@ktdev.kz

Для СМИpr@ktdev.kz

© 2026 Барлық құқықтар қорғалған.