Kazakh Tourism Development компаниясының Бас атқарушы директоры «Іле Алатауы» ұлттық паркінің Үйлестіру кеңесіне «Almaty Superski» жобасын таныстырды

Алматыда «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, Kazakh Tourism Development компаниясының (бұдан әрі – KTD) Бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев Almaty Superski жобасы жайында баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.Italic
Жиын барысында тау-шаңғы инфрақұрылымын салу көзделген жерлер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамынан шығарылмайтыны және басқа заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіне берілмейтіні атап өтілді. Сондай-ақ, Ержан Еркінбаев жоба аясында жекеменшік коттедждер мен виллалар салынбайтынын және бұл тиісті құжаттарда бекітілетінін мәлімдеді.

Жобада түрлі деңгейдегі 60 шақырым шаңғы трассасы мен 17 аспалы жол салу қарастырылған. Бұл ретте аспалы жолдар тіректерінің саны мен суды тұтыну көлемі бұрынғы кешенді-жоспармен салыстырғанда айтарлықтай қысқартылады, ал инфрақұрылымды орналастыру табиғи ландшафтты барынша сақтауды ескере отырып жоспарланады.
Сонымен қатар, KTD компаниясының басшысы «шаңғы тебуді» мектеп бағдарламасына енгізу мүмкіндігі талқыланып жатқанын, бұл балаларды спортқа мектеп жасынан баулуға мүмкіндік беретінін айтты.
Құрамына мемлекеттік мекемелердің, ғылыми институттардың, экологиялық және қоғамдық ұйым өкілдері кіретін Кеңес мүшелері жобаны іске асырылатын аумақта табиғатты сақтау, су ресурстарын, сейсмикалық және қар көшкіні қауіпсіздігі, сондай-ақ археологиялық мұраны сақтауға қатысты мәселелерді көтерді.
Бүгінде жоба жүзеге асатын аумақта ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатқаны хабарланды. Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) аясында топырақ, өсімдіктер, су ресурстары және биоәртүрлілікті қоса алғанда, экожүйеге ықтимал әсерді кешенді бағалау жүзеге асырылуда. Осы бағытта зерттеулерді жүргізетін отандық ғылыми институттармен тығыз өзара іс-қимыл қамтамасыз етілуде.
«Жобаның мақсаты құрылысты тез бастау емес, алдымен аумақтың ғылыми негізделген жай-күйін анықтау және осыдан кейін ғана инфрақұрылымдық шешімдер қабылдау», - деп атап өтті Ержан Еркінбаев.
Жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде өңірдің сейсмикалық белсенділігі және қар көшкіні қаупі бар аймақтардың болуы ескеріледі. Барлық инженерлік шешімдер қолданыстағы қауіпсіздік нормалары мен талаптарына сәйкес қажетті сараптамалардан өтеді.
Археологиялық мұраға қатысты жоба тиісті мемлекеттік органдар мен ғылыми ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатыны баса айтылды. Тарихи ескерткіштерді анықтау және сақтау мақсатында заңнамада көзделген барлық қажетті іс-шаралар жүргізілетін болады.
Келесі маңызды кезең – қоғамдық тыңдау өткізу. Онда қала тұрғындары, ғылыми қоғамдастық, экологиялық ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар жобамен танысып, өздерін алаңдатқан сұрақтарын қоя алады.
Отырысқа қатысушылар туристік инфрақұрылымды дамыту және табиғи экожүйелерді сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, ғылыми қоғамдастық және қоғам өкілдері арасындағы диалогты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, кездесуге қатысқан «Іле-Алатау» МҰТП-нің Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ғылыми институттар және тау-шаңғы қауымдастығының өкілдері айтылған ұсыныстар мен түзетудерді ескере отырып, «Almaty Superski» жобасына қолдау білдіріп, оны ұзақ мерзімді ынтымақтастық аясында жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Жарияланған мақала
18 наурыз 2026
