Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Мақсұт Жұмаев Almaty Superski жобасының амбассадоры атанды

Мақсұт Жұмаев Almaty Superski жобасының амбассадоры атанды

Табиғатты сақтай отырып, ел экономикасының дамуына серпін беретін жобаны қолдау, спортты насихаттау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Алматы қаласында «Kazakh Tourism Development Ltd.» жеке компаниясы мен қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев арасында Almaty Superski жобасын ілгерілету жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Мақсұт Жұмаев таудағы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі сараптамалық топты үйлестіретін болады. Оның басшылығымен туристер үшін білім беру хабына айналатын жүйелі хайкинг-инфрақұрылым мен заманауи визит-орталықтар жобаланады. Сарапшылар тобы бірыңғай қауіпсіздік жүйесін енгізуді: яғни трассаларды кәсіби таңбалаудан бастап, биік таулы аймақтардағы жедел байланыс жүйелерін, сондай-ақ маршруттардың каталогтарын әзірлеуге дейінгі кешенді жұмыстарды жүзеге асыратын болады. Сонымен қатар, олар табиғатқа антропогендік жүктемені азайтуға септігін тишізетін – тау гидтерін дайындау және сертификаттау, кадрларды оқытуға ерекше назар аударады. Бұл өз кезегінде өңір табиғатына түсетін антропогендік жүктемені азайтуға ықпал етеді.

1.jpeg

Қол қойылған құжат аясында тараптар жобаны ақпараттық және имидждік сүйемелдеу бағытында өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты. Мақсұт Жұмаев ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау көрсете отырып, жобаның ресми өкілі (амбассадоры) атанды.

Мақсұт Жұмаев – танымал қазақстандық альпинист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің барлық 14 сегіз мыңдық шыңның барлығын бағындырған тұңғыш қазақстандық. Ол биік таулы альпинизмді дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар ұлттық және халықаралық экспедициялардың қатысушысы әрі жетекшісі. Спортты дамыту мен насихаттаудағы еңбегі үшін мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталған. Тау туризмі мен альпинизм саласындағы беделді сарапшы және көшбасшысы болып табылады.

«Мен үшін Almaty Superski жобасының бір бөлігі болу – үлкен мәртебе. Қазақстанның таулы өңірлері зор әлеуетке ие, ал заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту спорт саласына да, елімізді халықаралық деңгейде танытуға да жаңа мүмкіндіктер ашады. Бірлескен күш-жігердің арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристер үшін тартымды орталық қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті Мақсұт Жұмаев.

Өз кезегінде «Kazakh Tourism Development Ltd.» жеке компаниясы бірлескен бастамаларды тиімді іске асыру үшін ресми өкілге (амбассадорға) жан-жақты қолдау көрсетеді. Almaty Superski жобасы Қазақстандағы тау туризмін дамытуға бағытталған негізгі бастамалардың бірі болып табылады және халықаралық деңгейдегі заманауи туристік инфрақұрылымды қалыптастыруды көздейді.

Анықтама:

Kazakh Tourism Development Ltd. – «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген жеке компания. Туризм саласында жыл бойы қызмет көрсететін туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған басым жобаларды іске асыру үшін құрылған. Негізгі мақсаты – халықаралық стандарттарға сай және әлеуметтік-экономикалық өсімге ықпал ететін заманауи және тұрақты туристік экожүйені қалыптастыру.

Жарияланған мақала

22 сәуір 2026

Көбірек мақалалар

Kazakh Tourism Development

Тұрақты туризмді дамыту және Қазақстанның табиғатының көркемдігін әлемге таныту.

Байланыс

Астана, Қазақстан

info@ktdev.kz

Для СМИpr@ktdev.kz

© 2026 Барлық құқықтар қорғалған.