Almaty SuperSki курортының құрылысы Алматыда ауыз су тапшылығын туғызбайды

«Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі 1994–2025 жылдар аралығындағы 30 жылдық деректер негізінде зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері Almaty SuperSki курортының Көк-Жайлау шатқалындағы суға деген қажеттілігі Алматы қаласының су балансы мен орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесіне кері әсер етпейтінін растады.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жоба аумағындағы шағын тау өзендері мен жылғалары Алматы қаласының орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылмайды.
«Алматы Су» (almatysu.kz) кәсіпорнының мәліметінше, Алматы қаласына берілетін судың шамамен 70%-ы Алматы, Кіші Алматы және Талғар жер асты су кен орындарының ұңғымаларынан, сондай-ақ Каменское плато учаскесінен алынады. Ал қалған шамамен 30%-ы Үлкен Алматы, Кіші Алматы, Кімасар, Қарғалы және Ақсай өзендерінің жер үсті сулары есебінен қамтамасыз етіледі.
Алматы қаласын сумен қамтамасыз етуде негізгі рөлді Almaty SuperSki жобасы жүзеге асатын аумақтағы шағын су арналары емес, жер асты су көздері атқарады.
Негізгі көрсеткіштер: Алматы қаласының жылдық су тұтынуы – шамамен 250 млн м³; Almaty SuperSki курортының жылдық су қажеттілігі – шамамен 1,02 млн м³. Бұл қаланың жалпы су тұтынуының небәрі 0,5%-ын құрайды.
Су ресурстарын сақтау – жобаның негізгі қағидаттарының бірі. Жобаны іске асыру барысында су алудың заманауи жүйелері қолданылып, су тұтыну көлеміне тұрақты бақылау жүргізіледі әрі экологиялық ағынды сақтау қамтамасыз етіледі. Барлық шешімдер инженерлік есептеулерге, ғылыми зерттеулерге және Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады.
Almaty SuperSki жобасын жүзеге асыру барысында «Алматы қаласында ауыз су тапшылығын туындайды» деген пікір – ғылыми зерттеулермен, инженерлік есептеулермен және «Алматы Су» кәсіпорнының деректерімен де расталмайды.
Жарияланған мақала
21 шілде 2026
