Негізгі мазмұнға өту
Жаңалықтар

Көк-Жайлауда Almaty SuperSki курортының құрылысы басталды

Көк-Жайлауда Almaty SuperSki курортының құрылысы басталды

Көк-Жайлауда Almaty SuperSki жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Болашақ тау-шаңғы курорты аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген ағаштар жоқ. Ал қалған жасыл желектерді барынша сақтап қалу немесе басқа жерге көшіру жоспарланып отыр.

Қазір аталған аумақ дайындық кезеңінде: оған техникалық және кіреберіс жол салынып жатыр. Бұл жол құрылыс техникасының аумаққа кіруіне және жобаның келесі кезеңдерін бастауға мүмкіндік береді. Жұмыстар жобалық құжаттамаға және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Авторлық қадағалауды Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты жүргізбек.

Сонымен бірге, Көк-Жайлауда археологиялық зерттеулер басталды. Аумақта археологиялық мұра нысандары болғандықтан, бұл жұмысқа Археология институтының мамандары тартылды. Алдағы күндері олар қазба жұмыстарын жүргізіп, тарихи ескерткіштерді зерттеуге кіріседі.

Әрбір археологиялық нысанның алдағы тағдыры жеке қаралады: қажет болған жағдайда құтқару қазба жұмыстары жүргізіледі, кейбірі өз орнында сақталады, музей қорына өткізіледі немесе Көк-Жайлау аумағында музей экспозициясын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылады.

Сондай-ақ мамандар кеңейтілген инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіп жатыр.

1.jpeg

Құрылыс аймағына түсетін ағаштарды барынша сақтап қалу және қолданыстағы талаптарға сай басқа жерге көшіру көзделген. Сонымен бірге, болашақ курорт аумағында Қазақстанның Қызыл кітабына енген ағаш түрлері анықталмағаны аталып өтті.

3.jpeg

11 заманауи аспалы жолдың құрылысын осы айда бастау жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға Францияның POMA компаниясы тартылған. Қазір компания құрылыс алаңын дайындау және техниканы жұмылдыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек, Алматы қаласының әкімдігі Көк-Жайлаудағы қосалқы электр станциясын қалпына келтіру, Казачка өзені бойымен курорт шекарасына дейін кіреберіс жол салу және жасыл желектерді көшіру жұмыстарын бастады. Мұның барлығы жобаға қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымын қалыптастыру үшін жүргізіліп жатыр.

2.jpeg
9.jpeg
6.jpeg

Жарияланған мақала

10 шілде 2026

Көбірек мақалалар

Kazakh Tourism Development

Тұрақты туризмді дамыту және Қазақстанның табиғатының көркемдігін әлемге таныту.

Байланыс

Астана, Қазақстан

info@ktdev.kz

Для СМИpr@ktdev.kz

© 2026 Барлық құқықтар қорғалған.